Сандық стоматология бойынша III Халықаралық форум

Сандық стоматология бойынша III Халықаралық форум
Өткізілу орны мен уакыты

18.02.2017 - 19.02.2017

Қазақстан, Алматы

 

Сізді Қазақстанда 18-19 ақпан 2017 ж. өтетін Сандық стоматологияның III халықаралық форумына қатысуға шақырамыз. 

Сізде ОПТЭК компаниясының стендінде стоматологияға арналған ZEISS кәсіби жабдығымен: OPMI pico MORA стоматологиялық микроскобымен, Pico techno техноскобымен, сондай-ақ  EyeMag SMART, EyeMag PRO F, EyeMag PRO S және EyeMag Light II бинокулярлық үлкейткіш әйнектерімен танысу мүмкіндігіңіз болады.

Конгресстің баяндамашылары: 


Артур Закарян
стоматолог-хирург, имплантология және сүйек пластикасы мәселелерінің маманы, Ресей Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру медициналық академиясының жақ-бет хирургиясы және хирургиялық стоматология кафедрасының қызметкері

Фирас Кики (Firas Kiki)
стоматолог-хирург, имплантолог, скандинав имплантолог мамандар қауымдастығының мүшесі, Еуропалық және Америкалық Остеоинтеграция академиясының мүшесі, Эстет Дент Стоматологиялық клиникасының имплантология бөлімшесінің директоры және бас хирургі, Firadent&Co оқыту және сертификаттау орталығының Президенті

Андрей Акулович
М.ғ.к., доцент, Ресейдегі Society for Color and Appearance in Dentistry (SCAD) Консулы, «Стоматологиядағы түсті зерттеу бойынша қоғамның» вице-президенті, Сандық стоматология Қауымдастығының Директорлар кеңесінің мүшесі 

Сергей Чикунов
дәрігер-стоматолог, медицина ғылымының докторы, Ресей Федерациясы Президентінің Істер басқармасы «ОҒМО» ФМБМ стоматология және стоматологиялық көмекті ұйымдастыру кафедрасының доценті, оның негізінде оқу орталығы құрылған “8 микрон” Инновациялық орталығының негізін салушысы, өзінің әлемнің жетекші гнатолог мамандарымен өткізілетін оқытушылық циклдерімен белгілі, Америкалық Гнатологтар Қауымдастығының (American Equilibration Society) мүшесі, СтАР (РСтҚ) «Клиникалық гнатология» бөлімінің төрағасы, Сандық стоматология Қауымдастығының Директорлар кеңесінің мүшесі

Александр Першин
дәрігер-стоматолог ортопед, Ресейлік Стоматологиялық Қоғамның дәріскері, стоматологиядағы түсті зерттеу бойынша қоғамның мүшесі, «Время» МО стоматологиядағы эстетикалық бағыты бойынша жетекші маманы, Стоматология 2.0 білім беру жобасының идеологы және негізін қалаушылардың бірі

Толық ақпарат Іс-шара сайтында бар. 

Барлық іс-шаралар