2017

Қазақстандағы III Халықаралық сандық стоматология форумы

Қазақстандағы III Халықаралық сандық стоматология форумы

06.03.2017

Алматыда 2017 жылғы 17-19 ақпан аралығында Қазақстандағы ІІІ Халықаралық Сандық Стоматология Форумы өтті. ОПТЭК аталған шараның демеушісі болды, сонымен қатар мастер-класстары үшін OPMI Pico Techno 2 техноскоп ұсынды.

Форум 3 күн болды, олардың әрқайсысында Қазақстанның, Ресейдің және Украинаның танымал және жетекші дәріс оқушыларымен мастер-класстар және дәрістер өткізілді. Қатысушылар ZEISS стоматологиялық микроскоптармен жұмыс істеуде өздерінің алғашқы қадамдарын жасау мүмкіндігіне ие болды.

Дентальды имплантациядағы топографиялық анатомиядан және диагностика және талдау тәсілдерінен бастап имплантацияның заманауи тәсілдерімен және үстіңгі және астыңғы жақтың жек бөлімдеріндегі имплантацияның аспектілері және шеберлігімен аяқталып, имплантологияның заманауи аспектілерін көп уақыт бөлінді. Сондай-ақ, керамикалық реставрация, түсті анықтаудың заманауи аспектілер мәселелері, қызыл иекті жабу тәсілдері және басқалар зерттелді. 




Тәжірибелік мастер-класстарды жүргізгендер:

dent_kz_02.jpgАлександр Першин, дәрігер-стоматолог ортопед, Ресей стоматологиялық қоғамның дәріс оқушысы, стоматологиядағы түсті зерттеу бойынша қоғам мүшесі, стоматологиядағы эстетикалық бағыт бойынша «Время» МО жетекші маманы, Стоматология 2.0 білім беру жобасының негізін қалаушылардың бірі және идеолог.    





Артур Закарян, стоматолог-хирург, имплантология және сүйек пластикасы мәселелеріндегі маман, Ресей Медициналық дипломнан кейінгі білім Академиясының бет-сүйек хирургиясы мен хирургиялық стоматология кафедрасының қызметкері.
60 адам қатысты. 18 ақпанда өткен конгресстің өзінде 80 астам Қазақстанның стоматологтары – жетекші дәрігерлері қатысты. 

 Аталған форум мүдделі тұтынушылар, кәсіпкерлер мен өнім берушілер, және үшінші тараптан, бірлестіктер арасындағы диалог үшін әмбебап үш тараптық платформа болып табылады. Осындай әдіс әр тараптың мүдделілігін толық бағалауға мүмкіндік береді, сонымен қатар нарықтағы барлық қатысушылар талаптары мен ниеттерінің шешімдерін қабылдауда әрекет етуге мүмкіндік береді.   

Барлық жаңалықтар