2016

Қазақстанда ТМД елдеріндегі алғашқы ZEISS MEL 90 эксимерлік лазер көмегімен көру қабілетін лазерлік түзету бойынша ота жасалуда

Қазақстанда ТМД елдеріндегі алғашқы ZEISS MEL 90 эксимерлік лазер көмегімен көру қабілетін лазерлік түзету бойынша ота жасалуда

17.10.2016

ОПТЭК мамандары ZEISS MEL 90 эксимерлік лазерін орнатып, Қазақстанда және ТМД елдерінде алғаш рет пайдалануға қосты. 

Аспап Алматы қаласындағы Қазақ Көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында орнатылған және 0 бастап +/-10 диоптрияға дейін диоптириялық кемістіктердің барлық түрлері үшін алыстан көрмеушілік, жақыннан көрмеушілік және астигматизмді лазерлік түзету бойынша Femto-LASIK және PRK/LASEK оталарды жүргізу кезінде қолданылады. Жұмысының алғашқы айында Қазақ Көз аурулары ҒЗИ бас дәрігері Марат Смагулович Сулейменов және рефракциялық хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ольга Робертовна Ким шамамен 90 ота жасады.

kzinternet02.jpg

MEL 90 — бұл Carl Zeiss Meditec компаниясының эксимерлік лазерінің алдыңғы қатарлы моделі. Лазер көз рефракциясының бұзылуын түзету бойынша операцияларды жүргізу үшін қолданылады. Аспабтың бірегей технологиялық ерекшелігі – лазердің екі режимде жұмыс істеу мүмкіндігі: 250 Гц және 500 Гц жиілігінде. 500 Гц режимінің көмегімен офтальмохирург LASIK және Femto-LASIK сияқты оталарды орындай алады, бұл жағдайда процедураға және сәйкесінше лазердің қасаң қабаққа әсер ету уақыты іс жүзінде екі есе азаяды. Осылай, LASIK процедурасы уақытында бір диоптрияның абляция уақыты не бары 1,3 секундты құрайды. Лазерде көмегімен жақсы дәлділік пен болжамды және нәтижесінде көрудің өте жоғары сапасын алуға болатын AAA технологиясы – жетілдірілген алгоритм және абляция профилі қолданылады.

Қазақ Көз аурулары ҒЗИ бас дәрігері Марат Сулейменов айтады: «Қазақ Көз аурулары ҒЗИ ZEISS офтальмологиялық жабдығымен жұмыс істеудің үлкен тәжірибесіне иеміз, ал ZEISS MEL 80 эксимерлік лазерін 2004 жылдан бастап белсене қолдана бастадық. Осы уақытта ол жоғары жүктемеге ие және тоқтаусыз жұмыс істеді, сенімділігін дәлелдеді және бүгін толық жұмысшы күйде – біз оны кейін институттың филиалында қолдануды жоспарлаймыз. MEL 90 жұмыс істеу тәжірибесі бойынша бұл лазердің алдыңғысының артықшылығын толығымен сақтағанын атап өткім келеді – дәлділігі және жұмыс болжамы, хирургтың жұмыс орнының ойластырылған эргономикасы және пациент үшін қолайлылық. 500 Гц режимі және абляцияның жаңа алгоритмі процедураны жүргізу жылдамдығын біршама ұтуға мүмкіндік береді, ал бұл пациент үшін, сондай-ақ дәрігер үшін өте маңызды, пациенттің мінез факторымен байланысты қателіктер аз болады – ота санаулы секундтарда өтеді.

Жоғары сенімділігі мен қызметінен басқа, MEL сериясының эксимерлерінде жұмыстың сыртқы талаптарына қойылатын талаптар бойынша біз жайларды елеулі түрлендірусіз қолданыстағы ота жасау бөлмелерінде қолдана аламыз, бұл ақша мен уақытты үнемдеуді білдіреді.
 
kzinternet03.jpg

Қазақ Көз аурулары ғылыми-зерттеу институты – көру мүшелерінің патологияларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері әзірленетін және енгізілетін, ғылыми-зерттеу және емдеу-профилактикалық жұмыс жүргізілетін Қазақстан Республикасындағы офтальмологиялық қызметтің негізгі орталығы және үйлестірушісі. Институт жетілдіру және қайта даярлау циклдерін ұйымдастыру арқылы ҚР бүкіл офтальмологиялық қызметі үшін тәжірибелік кадрларды даярлау орталығы, сонымен қатар бірқатар ЖОО офтальмология кафедралары үшін клиникалық база болып табылады.

Қазақ Көз аурулары ҒЗИ, ZEISS және ОПТЭК ынтымақтастықтың жақсы тарихына ие. Күнделікті емдеу тәжірибесінде, ғылыми-зерттеу жұмысында және білім беру үрдісінде институт ZEISS шешімдерінің кең спектрін қолданады. Орнатылған жабдықтың ішінде фемтосекундты лазер Visumax, операциялық микроскоп Lumera, оптикалық когерентті томограф Visante, оптикалық когерентті биометр IOL Master, офтальмологиялық лазер Visulas Yag Combi, көру аймағының анализаторы HFA, оптикалық когерентті томограф Cirrus және басқа жабдық.

Барлық жаңалықтар